2025 жылғы 06 мамыр аралығында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
6 мамыр күні «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының жұмыскерлері Абай атындағы әмбебап кітапханада өткен кітап көрмесін тамашалап қайтты. Бұл көрме Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Отан қорғаушылар күніне арналған көрмеге әскери сөздіктер, әскери шендердің атауы, екі тілдегі әскери тілдескіш кітаптар қойылған. Екінші залда Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушылардың кітаптары бар, сондай-ақ ол жердегі кітаптар сол кездегі адамдардың ерлігі жайлы сыр шертеді. Сонымен қатар соғыс туралы салынған суреттер, соғыс кезіндегі әуендер бар күйтабақтар да сақталыпты.
Көрмеден қызметкерлер жақсы әсермен қайтты.