2025 жылғы 23 сәуір аралығында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
23 сәуірде Қазақстанда алғаш рет ресми түрде маңызды мәдени мереке – Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр. Бұл күн – кітап оқу мен әдебиеттің маңыздылығын айқындауға арналған.
Мемлекеттік мерекені енгізу бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерді. Жаңа мерекелік күнді енгізу туралы Үкімет қаулысы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енген.
23 сәуір күні кәсіпорын қызметкерлері Семей қаласындағы Арбатта өткізілген халықаралық кітап және авторлық құқық күніне, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Оқырман ұрпақ – ұлы мұра жалғастығы» атты әдеби-мәдени мерекелік шараны тамашалап қайтты.