«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

"Кеме қатынасы тіркелімі "филиалы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған" Абай бейнесі мен жері " көрмесіне барды.

Жаңалықтар

"Кеме қатынасы тіркелімі "филиалы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған" Абай бейнесі мен жері " көрмесіне барды.

           2025 жылғы 11 қыркүйекте «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының жұмыскерлері Семей қаласындағы Невзоровтар отбасын атындағы облыстық бейнелеу өнері музейіндегі суретші Нұрбұлан Өтепбаевтың «Абай туған құт мекенім» атты көрмесін тамашалап қайтты.
           Көрме – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты шаралардың бір бөлігі болып табылады.
           Көрмеде ұлы Абайдың бейнесімен қатар, оның қасында жүріп, өмір жолын өрнектеген тұлғалардың да келбеті бейнеленген. Соған қоса Абайдай алыпты дүниеге әкелген киелі жердің, ақынды қалыптастырған халықтың рухы бейнеленген.
           Көрмені тамашалау барысында жұмыскерлер қазақ халқының мәдени-рухани мұрасына бір қадам жақындай түскендей әсер алды.