«Жоғарғы-Ертіс кеме қатынасы тарихы» тақырыбында іс-шара
Ағымдағы жылдың 18 мамырында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамының «Жоғарғы-Ертіс кеме қатынасы тарихы» тақырыбында іс-шара өткізді. Аталған іс-шараға «Кеме қатынасы тіркелімі» филиалынан директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Александр Александрович Остриков және директор орынбасарының міндетін атқарушы Жоламан Еркинович Оразов қатысты. Іс-шара қонақтары Семей қаласындағы Ертіс өзенінде навигацияның даму тарихы, Ертіс бойынша әр жылдар мен ғасырларда қандай су көлігі жүргені және тағы басқалар туралы білді.