«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Өндірістік-техникалық қызметтің инженер-механигі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес
Міндеттер:
-  флот және автомобиль көліктерін жөндеуді ұйымдастыру;
- кемелерді кеме қатынасы тіркелімінің қарауына дайындау және уақтылы ұсыну, кемелерді пайдалануға техникалық дайындықта тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, кемелерді техникалық құжаттамамен қосалқы бөлшектермен және материалдық-техникалық мүлікпен қадағалауды жабдықтау;  
- кемелердің ағымдағы және орташа жөндеу кестелерін жасау;
- жөндеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу үшін жөндеу тізімдемесін жасау;
- материалдар мен қосалқы бөлшектерді алуға өтінім жасау;
- автокөліктің техникалық жағдайын қадағалауды жүргізу. Автокөліктің шығуы мен қайтып келуін қадағалауды жүргізу;
- ЖЖМ шығыны мен автокөліктің жүрісін қадағалауды жүргізу;
- кемелер экипаждарының регламентке және техникалық жағдайына сәйкес механизмдерге, құрылғыларға профилактикалық қызмет көрсететілуінің уақтылы орындауын бақылауды жүзеге асыру;
- кеме жондеу жұмыстарында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру, қарамағындағылардың еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;  
- кеменің, техникалық құжаттаманың уақтылы және дұрыс жүргізулеріне, кеме қатынасы тіркелімі мен мемлекеттік инспекция өкімінің талаптарының өрындалуын бақылау;
- техникалық істен шығуына ұқсату ҚБ мен МБ істен шығуынла байланысты авариялық жағдайлар кезінде жылдам және дұрыс іс-қимылдарды пысықтау бойынша техникалық сабақтар өткізу;  
- техникалық ақаулардың сипатын, көлемін анықтау, оларды жою мерзімдерін белгілеу;    
- кеме жөндеу жұмыстарын орындауға құжаттаманы рәсімдеу және бұл туралы басшыға хабарлау;
- кеме жөндеу кезінде орындалған жұмыстар көлемінің есебін жүргізу және жөндеудің толықтығы мен сапасына, материалдардың шығындарына дербес жауапкершілігін алу;  
- кемелерді жарамды техникалық жағдайда ұстау және техникалық кеме құралдарымен пайдалану бойынша жұмыстарды бақылау;  
- автокөлікке техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге өтінімдерді рәсімдеу және олардың орындалу сапасын бақылау;
- белгіленген мерзімде экология бойынша есеп беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да белгіленген есепті жасау және ұсыну;
- филиал басшысының өзгеде қызметтік тапсырмаларын (нұсқауларын) орындау.
Талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
Жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқудан кейін) кәсіби білім және бірінші санатты инженер лауазымында еңбек өтілі кемінде 3 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқудан кейін) кәсіби білім және екінші санатты инженер лауазымында еңбек өтілі кемінде 2 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
Екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқудан кейін) кәсіби білім және инженер лауазымында еңбек өтілі 1 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Біліктілігі орта деңгейдегі маман:
Жоғары санатты: техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби), орта білімнен кейінгі білім және бірінші санатты инженер-техникалық лауазымдарынды еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Бірінші санатты: техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби), орта білімнен кейінгі білімі бар және екінші санатты инженер-техникалық лауазымдарынды еңбек өтілі 2 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
Екінші санатты: техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби), орта білімнен кейінгі білім және инженер-техникалық лауазымдарда еңбек өтілі 1 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Витязь» теплоходының моторшы-матросы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі еңбек өтіліне талап қойылмайды
Міндеттер:
- палубалық бөлім бойынша кеме жұмыстарына қатысу;
- жүк үй-жайларын, жүк құралдары мен инвентарьді тиеуге және түсіруге, оларды жорыққа дайындауға қатысу;
- палубаны, кеменің қызметтік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларын тазалау;
- жүк операцияларына байланысты жұмыстарды орындау кезінде жүктің, инвентарьдың және такелаждың сақталуын және бүтіндігін бақылау;
- трюмді траптардың және басқа да жабдықтардың жарамдылығын бақылау, кемеге бөгде және мас күйінде адамдарды кіргізбеу, трюмде және басқа да бөліктерде темекі шегуге жол бермеу;
- трюмде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету, капитанға барлық бұзушылықтар, кемшіліктер, ақаулықтар және т.б. туралы есеп беру;
- барлық такелаждық, сырлау, арқандап байлау жұмыстарын және кемелерді тіркеп сүйреу жұмыстарын орындау;
- палубалық механизмдерді басқаруды, зәкірлерді суға түсіру мен көтеруді, шлюпкаларды түсіру-көтеру, ескекті құтқару шлюпкасын басқара білу;
- меңгерімге сәйкес міндеттерді орындау;
- жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын сақтау;
- өз қызметі барысында анықталған барлық бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер туралы хабарлау;
- дағдарыс жағдайы анықталған болса «Дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде жедел хабарлау алгоритміне» сәйкес хабарлауға міндетті.
Талаптар:
жалпы орта білімі, орта кәсіптік білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Іле учаскесі қосалқы персоналының механик-жүргізушісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес
Міндеттер:
- автокөлік техникасын жөндеу кезінде және желіде автомобиль жүргізушілеріне қажетті техникалық көмекті ұйымдастыру;
- жөндеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу бойынша жөндеу ведомостарын дайындау;
- материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінім жасау;
- жабдықтардың барлық түрлерінің апатсыз және сенімді жұмыс істеуін, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеу мен техникалық жағдайын бақылау, оны ауыстыру және жабдықтарды жөндеу кезінде қызмет көрсетудің үнемділігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
- жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді және оларды үнемді пайдалануды бақылау;
- автокөлік техникасына техникалық қызмет көрсету кестесінің жасалуына бақылау жүргізу;
- автокөліктің техникалық жай-күйін тексеру және оны жарамды күйде желіге шығаруға немесе қайтаруға бақылау жасау;
- бастапқы құжаттарды (жол парақтарын) толтыру, ЖЖМ жұмсауды жедел есепке алу;
- көлік құралдарының жүк көтергіштігі мен сыйымдылығының белгіленген нормаларына сәйкес олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау;
- электр монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау;
- негізгі құралдардың сақталуын бақылау (трансформаторлық қосалқы станция, дәнекерлеу жабдығы және басқа);
- автокөлік құралын техникалық жарамды жағдайда қолдау, ағымдағы жөндеуді жүргізу;
- техникалық байқаудан өту үшін бекітілген автокөлік құралын ұсыну;
- жанар-жағармай материалдарын пайдалану есебін жүргізу;
- ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалана отырып, филиалдың өндірістік базасында, күзетілетін гаражда немесе автотұрақта бекітілген автокөлік құралын тұраққа қою;
- бағынысты персоналды лауазымдық және пайдалану нұсқаулықтарымен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету, нұсқаулықтарды қайта қарауды жүргізу және қажетті өзгерістер енгізу;
- есепке алуды уақтылы, дұрыс жүргізу және жұмысы туралы есептілік жасау;
- Қазақстан Республикасының белгіленген Заңына сәйкес жүзу құрамы жұмыскерлерінің белгіленген мерзімде медициналық тексеруден (куәландырудан) өтуін бақылау;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- жанар-жағармайға, қосалқы бөлшектерге, материалдар мен жабдықтарға жыл сайынғы өтінімді жасау;
- жағалау жұмысшыларының жұмыс уақытын есепке алу табелін, кезекшілік кестесін жасау;
- белгіленген есептілікті және басқа құжаттамаларды жасау;
- жол-көлік оқиғасы болса, автокөлік құралын ұрлау немесе бұзылған жағдайларда өзінің тікелей басшысына, жол полициясы басқармасының кезекші қызметіне, сақтандыру ұйымының өкілдеріне хабарлау;
- кезекшілік кестесіне сәйкес кезекшілік журнал жазбаларын тексеру және салыстыру;
- өндірістік база аумағында жағалау жұмысшыларының кезекшілігін тексеру;
- өндірістік базада аумақты абаттандыру, тазалау бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
- жүк операциялары кезінде көліктің тоқтап қалуын қысқартуды, тиеу-түсіру машиналары мен көлік құралдарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шараларды орындау және бақылау;
- кәсіпорынның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіптерді сақтау;
- апаттардың, бұзылулардың, зақымданулардың және тоқтап қалудың себептерін, сондай-ақ техникалық пайдалану, жол қозғалысы және ішкі тәртіп ережелерін бұзушылықтарды тергеуге қатысу;
- филиал басшылығының өзге де қызметтік тапсырмаларын (тапсырмаларын, нұсқауларын) орындау;
- жабдықты жөндеуді және оны жұмысқа жарамды күйде ұстауды іске асыратын ұйым бөлімшелерінің жұмыскерлеріне басшылық жасау.
Талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
Жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білімі және бірінші санатты механик лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білімі және екінші санаттағы механик лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 4 жыл.
Екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білімі және механик лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Біліктілігі орта деңгейдегі маман:
Жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім және бірінші санатты механик лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім және екінші санатты механик лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 4 жыл.
Екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім және механик лауазымында кемінде 1 жыл еңбек өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«№1» теплоходтың моторшы-руль меңгерушісі-жағдайлық монтері (Іле учаскесі)
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі еңбек өтіліне талап қойылмайды
Міндеттер:
- кемелердің рейсте жүретін, ішкі кеме қатынасы жолдары ауданының арнайы лоциясы мен жүзу шарттарын зерттеу;
- кемені тұрақты бағытта ұстау немесе жүзудің әртүрлі жағдайына байланысты кеме капитанының нұсқауымен кеме бағытын өзгерту, бағыт көрсеткіші мен рульдік  құрылғының жұмысын бақылау;
- машина бөлімінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, руль орналасқан бөлмеде, жүріс көпірінде, каютада  тазалық пен тәртіпті сақтау;
- кеменің барлық техникалары мен механизмдерін жөндеуге және қызмет көрсетуге қатысу;
- механизмдерді, жүйелерді, құрылғыларды уақытында техникалық қызмет көрсетуден өткізу;
- құралдардың көрсеткішін санау және кеме журналдарында тіркеу;
- капитан белгілеген уақытта вахтаны жүргізу;
- тұрақтарда капитанның, кеме механигі-ауысым капитаны-жол шеберінің нұсқауымен машина, палуба бойынша жұмыстарды атқару (жинау, сырлау, ағаш ұсталық және слесарлық жұмыстар);
- кеме қатынасы жағдайында навигациялық белгілерді қою және монтаждау;
- навигациялық жабдықтың қалқымалы және жағалау белгілерін бақылау;
- навигациялық белгілерге жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- шағын көлемді кемелерді басқаруға рұқсаты болған жағдайда, шағын көлемді кемені басқару, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- Филиал басшылығының, кеме капитанының, кеме механигі-ауысым капитаны-жол шеберінің өзге де қызметтік тапсырмаларын (тапсырмаларын, нұсқауларын) орындау.
Талаптар:
орта кәсіптік (техникалық) білімі бар немесе оқу орындарында тиісті мамандық бойынша курстарды (куәлік) бітіруі тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.