«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Шаланданың матросы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    жерснаряды мен шаландалардың палубалық бөліктері бойынша барлық кеме жұмыстарына қатысу;
•    жедел шығырлар мен палубалық қосалқы механизмдердің жұмысын басқару дағдылардың бар болуы;
•    жұмыс зәкірлерін көтеру, ауыстыру және қайтару жөніндегі жұмыстарға қатысу;
•    шаланда теплоходының вахталық бастығының бұйрығы бойынша шаланданы тиеуді бақылау және шаланданы түсіру процесін тікелей жүзеге асыру;
•    жерснарядының шаландаларында тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету;
•    арқандық, сырлау, жөндеу, апаттық жұмыстарды және вахта бастығының өкімі бойынша жерснарядты орнату бойынша жұмыстарды орындау.
Талаптар:
Орта немесе орта-кәсіптік білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің қойма меңгерушісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
Міндеттер:
•    тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және шығару, қойма кеңістігін барынша тиімді пайдалануды ескере отырып, оларды орналастыру, қажетті материалдар мен жабдықтарды іздеуді жеңілдету және жеделдету бойынша қойма жұмысын басқару;
•    сақталатын тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуын, сақтау режимдерінің сақталуын, кіріс және шығыс құжаттарын рәсімдеу және тапсыру тәртібін қамтамасыз ету;
•    қоймадағы өртке қарсы құрал-жабдықтардың болуы мен жұмысқа жарамдылығын, үй-жайлардың, жабдықтар мен мүкәммалдардың жай-күйін бақылауды және олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз ету;
•    еңбекті қорғау бойынша нормаларды, ережелерді және нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;
•    жүк тиеу реквизиттерін жинауды, сақтауды және жеткізушілерге уақтылы қайтаруды қамтамасыз ету;
•    тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу.  Қойма операцияларының есебін және белгіленген есептілікті жүргізуді бақылау;
•    өз жұмысында бағдарламалық салық есептілігі мен бухгалтерлік есепті  пайдалану;
•    қойма жұмысының тиімділігін арттыру, тауарлы-материалдық құндылықтарды тасымалдау мен сақтауға шығындарды азайту, қойма шаруашылығын ұйымдастыруға заманауи компьютерлік технологияларды, байланыс және коммуникацияларды енгізу бойынша шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
•    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі және қойма меңгерушісі лауазымында жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес немесе жалпы орта білімі және қойма меңгерушісі лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес болуы.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Арналық іздестіру тобының ЖШК моторшысы-руль меңгерушісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
Арналық іздестіру тобының шағын көлемді жүзу құралдарын техникалық пайдалануды қамтамасыз ету;
•    өлшемдік жұмыстар мен басқа да жүру кезіндегі шағын көлемді кемелерді тікелей басқаруды жүзеге асыру;
•    бекітілген жүзу құралдарын іштен жанатын қозғалтқыштарына, қозғалтқыштарына, корпустарына, рульдік механизмдеріне және басқа да жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыру;
•    жүзу құралдарының әрқашан жұмысқа дайын болуын, олардың таза және жинақы болуын қамтамасыз ету;
•    өлшеу, жүру және басқа жұмыстар кезінде экипаж мүшелерінің қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз ету;
•    қажет болған жағдайда жалпы кеме жұмысын орындау;
•    топтық құралдар мен жабдықтарды жұмыс орнына жеткізу кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау;
•    қажет болған жағдайда жағада жүргізілетін далалық зерттеу жұмыстарына қатысу;
•    жұмыс орнының навигациялық материалдарымен танысу мақсатындағы зерттеулер жүргізу;
•    арналық іздестіру тобының жөндеу ведомстваларын әзірлеуге қатысу;
•    Кемелерде қызмет көрсету Жарғысына сәйкес арналық іздестіру тобының ЖШК моторшысы-руль меңгерушісінің міндеттерін орындау.
Талаптар:
техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарды ұсынбай, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізу бойынша арнайы дайындығының бар болуы.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Матрос-жағдайлық монтер»
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    палуба механизмдерін басқаруды, зәкірлерді босатуды және таңдауды, қайықтарды түсіруді және көтеруді білу;
•    ескектері мен моторлары бар құтқару қайықтарын басқара білу, борттағы тереңдікті өлшей білу, кеме матростарының міндеттеріне кіретін барлық жұмыстарды орындай білу;
•    қызмет көрсетілетін техникалық кемелердің жай-күйі туралы ақпаратты моторшы-руль меңгеруші-жағдайлық монтерден алу және вахта кезінде берілген бұйрықтармен танысу;
•    қызмет көрсететін техникалық жабдықтың жұмысқа жарамдылығын бақылау;
•    машина бөлмесіндегі тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
Талаптар:
Орта-кәсіптік, орта техникалық білімі немесе орта білімі және арнайы даярлығы бар.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Матрос
Жалақы деңгейі сұхбаттасу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•      эксплуатациялық жүкшығырлар мен палубаның қосалқы механизмдерінің жұмысын бақылау;
•    жұмыс зәкірлерін көтеру, ауыстыру және босату жұмыстарын орындау;
•    кеме палубасының барлық жұмыстарына қатысу;
•    жүк орындарын, жүк көліктерін және жабдықтарды тиеу-түсіруге және оларды тазалауға дайындауға қатысу;
•    кеменің барлық такелаждары, сырлау, арқандап байлау, тиеу-түсіру және сантехникалық жөндеу жұмыстарын орындау;
•    ескекті қайықты басқаруды білу;
•    қызмет көрсету, палуба және қызмет көрсету аймақтарында тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету;
•    Кемелерде қызмет ету жарғысына сәйкес матростың міндеттерін орындау.
Талаптар:
Орта немесе орта-кәсіптік білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Командирдің үшінші көмекшісі-механиктің үшінші көмекшісі-краншы»
Жалақы деңгейі сұхбаттасу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі командалық лауазымдарда жүзу өтілі 12 айдан кем емес
Міндеттер:
•    техникалық пайдалану ережелеріне, өндірушілердің нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес өз бөлімшесінің құрылғыларын, аспаптары мен керек-жарақтарын техникалық пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
•    өз басшылығының кеме техникасының ақауларын жеке өзі немесе өзіне бекітілген мамандарды тарта отырып жою;
•     өзіне бекітілген мамандардың жұмысын басқару, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауын қамтамасыз ету;
•     өз бөлімшесінің жабдықтарына, құралдарына және керек-жарақтарына қатысты техникалық құжаттаманы жүргізу және сақтау;
•     жұмыс кезінде кран қондырғысын басқаруды қамтамасыз ету;
•     құтқару шлюпкаларын, жұмыс қайықтарын және олардың жабдықтарын дұрыс техникалық пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
•     суды өлшеуді бақылаудың ішкі журналын жүргізу;
•     кемедегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын меңгеру;
•     еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігін сақтау.
Талаптар:
1)    біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: жүзу тәжірибесіне талаптарды ұсынбай жоғары кәсіптік (техникалық) білімі және кемелердің тиісті тобының (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтар) командирінің екінші көмекшісі дипломының болуы, кемелердің тиісті тобының (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтары) механиктің екінші көмекшісі дипломының болуы және краншы мамандығы бойынша дайындығы туралы құжаттың болуы.
2)    біліктілігі орташа деңгейдегі маман: техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі және кемелердің тиісті тобы (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтар) командирінің үшінші көмекшісі дипломының болуы, жүзу тәжірибесіне талаптарды ұсынбай тиісті тобының (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтардың) механиктің үшінші көмекшісінің дипломы, краншы мамандығы бойынша дайындығы туралы құжаттың болуы.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жөндеу-механикалық қызметінің кеме корпусшы-жөндеуші
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    Кеме корпусы жұмысының өндірісі кезінде Техника қауіпсіздігінің ережелерін және Өзен флотының кемелерінде техникалық пайдалану ережелерін  және жоғарғы қысымды ыдыстармен жұмыс кезінде Техника қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау;
•    Сүйреу арқаларын жөндеу, дайындау, орнату;
•    Бактарды, ыдыстарды, болат және қорытпалардан жасалған қисық сызықты қоршаулармен цистерналарды дайындау, құрастыру, түзету, жөндеу;
•    Машиналық-қазандық бөлімдерде жүк арқалықтарын дайындау, орнату;
•    Қисық сызықты учаскелерде металл білеулер мен абвайзерлік қораптарды жөндеу, дайындау, орнату;
Талаптар:
Техникалық және кәсіптік немесе орта білім және кеме корпусшы-жөндеушінің куәлігі
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    филиалдың келешектегі және жылдық жоспарларын, шығын сметаларын, есептерді және оларға дәлелдеулерді құру үшін бастапқы деректерді дайындау;
•    ғылыми-техникалық ақпараттарды және жоспарлы жұмысты немесе жеке тапсырмаларды орындауға қажетті материалдарды жинау, жинақтауды жүзеге асыру. Статистикалық материалдарды және басқа есептерді жүйелейді және жинақтайды;
•    жүргізілген зерттеулердің, жасалған жоспарлардың, сметалардың және тағы сол сияқты материалдық және еңбек шығындарды анықтауға қажетті есептерді орындау;
•    сметалық калькуляцияны жасау, жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құнының есебін жүргізу;
•    жоспарлық құжаттаманы жетілдіру бойынша жұмыстарды өткізу. Филиалдың өндірістік-қаржылық қызметінің кешенді экономикалық талдауына материалдарды дайындау;
•    филиал және оның бөлімшелері бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын бақылау және есеп жүргізу. Ұжым шартының жобасын әзірлеуге қатысу;
•    экономикалық көрсеткіштердің, еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштердің есебін жүргізу, мемлекеттік статистика органымен бекітілген есептілікті мерзімінде және нысан бойынша жасау және оларды талдау;
•    филиалдың еңбекақы қорын есептеуге қатысу. Қолданыстағы еңбек төлемінің нысаны мен жүйесін, материалдық және ынталандыру көтермелеулерінің қолдану тиімділігін зерделеу, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау.
•    штаттық тәртіптің, еңбек және демалыс тәртіптерінің және еңбек заңдылығының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
Талаптар:
Экономист – жұмыс өтіліне талаптар көрсетусіз жоғары кәсіптік (экономикалық) білімі немесе техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік (экономикалық)) білімі.
ІІ санаттағы экономисі – жоғарғы кәсіптік (экономикалық) білімі және санатсыз экономист лауазымында 1 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болауы;
І санаттағы экономисі – жоғарғы кәсіптік (экономикалық) білімі және санатсыз экономист лауазымында 2 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша 4 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болауы;
Жоғары санаттағы экономисі – жоғарғы кәсіптік (экономикалық) білімі және І санаттағы экономист лауазымында 3 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болауы.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Кеме аспазы
Жалақы деңгейі сұхбаттасу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    ас мәзірін жасау және тағам өнімдеріне өтінімдер әзірлеуге қатысу;
•    тағамдарды сапалы дайындау және оларды белгіленген уақытта экипажға үлестіру;
•    нан сатып алуға мүмкіндік болмаған кезде оны пісіру;
•    камбуз ыдыстары мен жабдықтадың дұрыс сақталуын және таза болуын қамтамасыз ету;
•    камбуз жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтау;
•    камбуз бөлмелері мен тоңазытқыштарды, сондай-ақ өзінің арнайы киімін тазалықта ұстау;
•    санитария ережелері мен дезинфекциялау құралдарын пайдалану ережелерін сақтау;
•    кемелерде қызмет ету Жарғысына сәйкес, аспаздың міндеттерін орындау.
Талаптар:
жалпы орта білімі бар, арнайы кәсіптік даярлық болса, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жолды пайдалану қызметінің 2 прорабтық жол жұмыстары өндірісінің инженері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес.
Міндеттер:
•    жағдайлық, жер қазу, түзету, түбін тазалау, тралдық және жобалау-іздестіру жұмыстары бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын, сондай-ақ кеме жүрісінің кепілдендірілген және дифференцияланған габариттерін қамтамасыз ету;
•        жол ахуалы туралы расталған ақпаратпен қамтамасыз ету, өзінің учаскесінде кеме жүрісінің өзгерісі туралы кеме иелеріне (кеме жүргізушілеріне) мәліметтер ұсыну;
•    нұсқаулықтарға, нормаларға, Ережелерге және басқа нормативтік құжаттамаға сәйкес, барлық жол жұмыстарының өндірісін ұйымдастыру. Жұмыстың орындалуында технологиялық реттілігінің сақталуын қамтамасыз ету;
•    навигациялық жабдықтардың ағымдағы жөндеуіне басшылық ету, тиісті жоспарлар мен кестелерді әзірлеу;
•    навигациялық белгілердің дайындалған құрамдас бөліктерін қабылдау, навигациялық кезеңде оның сақталуын және жағдайлық бригадаларына таратуын ұйымдастыру;  
•    кеме қатынасы жолының учаскесінде бекітілген сызбаға, кестеге сәйкес навигациялық жабдықтарды орнату, қызмет көрсету және шешу бойынша жұмыстарға басшылық ету;
•    жобалық-іздестіру, түбін тереңдету, түзету және түбін тазалау жұмыстарына өтінім беру, сонымен қатар навигациялық жабдықтармен жұмыс істеу кезінде жағдайлық учаскелерін жабдықтау үшін материалдарға, инвентарьға, құрал-саймандарға, жабдықтарға және ЖЖМ өтінімдер дайындау;  
•     жол жұмыстарының орындалу барысын уақтылы тексеру, ал соңында орындалған жұмыстарды қабылдау, құжаттарды дайындап қол қою;
•    кеме қатынасы жолының учаскелерін тралдау кестесін жасау және өз учаскесінде тралдық жұмыстарын орындауды қабылдау;
•    кеме қатынасы жолының өзіне бекітілген учаскесінде болған аварияларды, авариялық жағдайларды тексеруге, кеме қатынасы жолын тексеру бөлігінде бақылаушы және инспекциялық органдар жүргізетін инспекторлық тексерулерге қатысу;
•    тікелей бағынышты жұмыскерлерге немесе оның басшылығымен жұмыс жүргізетін жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жоспарлы және мақсатты нұсқаулықтар жүргізу;
•    күзет аймақтарында жұмыс жүргізуге берілген рұқсатнамаға келісім беру;
•    өз учаскесіндегі қайраңдарды жүйелі түрде зерттеу, жұмыс нәтижелерін талдау;
•    кеме қатынасы жағдайларын, жедел жоспарларды, бағдарламалар мен іс-шараларды жақсарту жобаларын жасауға қатысу;
•    жасалған шарттар негізінде басқа ұйымдар үшін жол жұмыстарын  жүргізу және олардың орындалуын бақылау;
•    барлық қажетті есептіліктерді жасау, сондай-ақ техникалық есептерді жасауға қатысу;
•    объектілер бойынша материалдық құндылықтарды қорғауды ұйымдастыру;
•    учаскелерде және техникалық құралдарда қоршаған ортаны қорғау туралы ережелер мен қағидаларды сақтауды бақылау;
•    еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау;
•    бірінші прорабтық жол жұмыстары өндірісінің аға инженерімен жол жұмыстары өндірісінің қиын мәселелері бойынша бірлесе отырып шешім қабылдауды келісу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.