«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Жөндеу-механикалық қызметінің ағаш ұстасы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі талап қойылмайды
Міндеттер:
- Берілген критерийлерге сәйкес қажетті ағаш ұстасының жұмыстарын жүргізу;
- Станоктарды, құралдарды, мүкәммал заттарын пайдалану жөніндегі стандарттарды сақтау;
- Жұмыс алдында ағаш өңдеу машиналарын тексеріп, баптау;
- Әр түрлі операциялар үшін қажетті құрылғылардың, бөлшектердің, жабдықтардың есебін жүргізу;
- Тиісті техникалық құжаттарды қолдану.
Талаптар:
- Орта кәсіптік білім.
- Мамандық бойынша тиісті дайындық.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
«БМК-126» тіркемелі-моторлы қайығының капитаны
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі жүзу өтілі командалық лауазымдарда кемінде 12 ай.
Міндеттер:
- Кемені пайдалану және жөндеу кезінде кеме экипажының жұмысын қамтамасыз ету;
- Кемені, оның жүйелерін, құрылғыларын, жабдықтарын, машиналары мен механизмдерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
- Табиғат қорғау іс-шараларын, жоспарлы тапсырмаларды, қозғалыс графиктерін (кестелерін), мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқаулары мен талаптарын орындау; кемені белгіленген мерзімде қарап-тексеруге және куәландыруға ұсыну;
- Кемені қысқы және күрделі жөндеуден, бос тұрғанан кейін рейске дайындау барысында кеменің күштік қондырғыларының, қозғалыс кешенінің, жабдықтардың, жүйелер мен құрылғылардың жүріс және арқандап байлау сынақтарын жүргізу.
- Кеменің кеме құжаттамасын (вахталық, машиналық, электротехникалық және радиотехникалық журналдарды) жүргізуді қамтамасыз ету.
Талаптар:
- жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, 1, 2, 3, 4 капитан дипломы немесе кемелердің барлық топтары немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі, 1, 2, 3, 4 капитан дипломы немесе кемелердің барлық топтары және командалық лауазымдарда 12 айдан аз емес жүзу өтілі болуы.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
Арналық іздестіру партиясының бастығы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі мамандығы бойынша немесе су жолдары ұйымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл
Міндеттер:
- Партияның өндірістік қызметін жоспарлау, есепке алуды ұйымдастыру және есептілік жасау;
- Белгіленген мерзімде жол жұмыстары бойынша тапсырмаларды орындау үшін партия қызметкерлерін қажетті материалдармен, құралдармен, жабдықтармен, геодезиялық және басқа да аспаптармен қамтамасыз ету;
- Далалық және камералдық жұмыстарды, арналық зерттеулерді ұйымдастыру;
- Қайраңдарда жұмыс істеу кезінде жағалау және қалқымалы жағдайдың жай күйін тексеруді қамтамасыз ету;
- Кеме қатынасы жағдайының схемаларын алдағы навигацияға келісу хаттамасы бекітілгеннен кейін лоцмандық карталарды, лоцмандық схемаларды дайындауды және уақтылы түзетуді, түбін тереңдету жұмыстарының жобаларын дайындауды және келісуді қамтамасыз ету;
- Кеме қатынасы жағдайларын жақсарту бойынша жобаларды әзірлеуге қатысу;
- Брандвахтаның және жұмыста пайдаланылатын жабдықтың тиісті жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
- Ұжымның тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша немесе су жолдары ұйымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
Заңгер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі - Жоғар заң білімі. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 жыл.
Міндеттер:
- Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу;
- Әр түрлі құқықтық құжаттарды рәсімдеуде құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету;
- Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, филиал мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
-Анықталған кемшіліктерді жою және филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында шағымдарды, сот істерін қарау нәтижелерін, шаруашылық шарттарын жасасу және орындау практикасын зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізу;
- Шаруашылық шарттарын жасасу, оларға құқықтық сараптама жүргізу, ұжымдық шарттардың талаптарын әзірлеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарау жөніндегі жұмысқа қатысу;
- Филиал жұмыскерлерін қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерістер туралы хабардар ету, Филиалдың лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асыру.
Талаптар:
- Жоғары заң білімі
- Заңнамалық актілер
- Нормативтік құқықтық құжаттар
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
«Иртышский-255» топырақ сорғышы «Брандвахта-14» өздігінен жүрмейтін флотының шкипері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі өтіліне талап қойылмайды
Міндеттер:
- Кеменің, кеме техникасының дұрыс техникалық пайдаланылуы мен қызмет көрсетуін және кеме жабдықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
- Өздігінен жүрмейтін кемені басқару бойынша тіркеп сүйреушінің капитанының нұсқауларын орындау.
- Әрбір қайта тиеу жұмыстарының алдында жүк көтергіш және қабылдау құрылғыларын тексеру.
- Энергетикалық және қазандық қондырғыларының жұмысын қамтамасыз ету.
- Кеме қажеттіліктері үшін мүкәммалды, материалдарды, отын мен суды алуды және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету.
- Кеме құжаттамасы мен есептілігін жүргізу.
- Көмекші шкиперді басқару.
- Еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, кез келген кеме топтарының командалық лауазымының дипломы немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі, еңбек өтіліне талап қойылмастан кез келген кеме топтарының командалық лауазымы дипломы.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
«БТ-151» теплоходының кеме механигі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай
Міндеттер:
- Алға қойылған өндірістік тапсырмаларды орындау үшін бекітілген кеме техникасын техникалық пайдалану қағидаларына, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес техникалық пайдалануды және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.
- Палубалық механизмдер мен құрылғылар мен корпустық құрылымдарға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
- Кеме техникасына техникалық қызмет көрсетуді жүргізудің күнтізбелік кестесін жасайды.
- Техникалық қызмет көрсетуді және оның орындалуын қадағалауды басқарады. Кеме техникасының ақауларын жояды және оны кемені пайдаланудан шығармай экипаждың күшімен жөндеуді ұйымдастырады.
- Жөндеу ведомостарын уақтылы жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын бекітілген кеме техникасына техникалық қызмет көрсету бойынша жөндеу жұмыстары мен жұмыстардың сапасы мен толықтығына бақылау жүргізеді.
- Машина үй-жайларында және өз меңгерушілігіндегі үй-жайларында өрт қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын, өрт және су төгетін сорғылардың, жүйелер мен құрылғылардың жұмыс істеуіне тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді.
- Өз меңгерушілігі бойынша қосалқы бөлшектерді, мүкәммалды, материалдарды, отын мен майлау майларын жеткізуге, қабылдауға, есепке алуға және сақтауға өтінімдер жасауды бақылайды.
- Өзінің меңгерушілігі бойынша кеменің техникалық құжаттамасын, іс қағаздарын және есептілігін жүргізеді және сақтайды.
- Энергетикалық қондырғының жұмыс режиміне байланысты капитанның барлық бұйрықтарын орындайды.
- Экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске дайындауға және ұйымдастыруға қатысады және машина-қазандық үй-жайларында өміршеңдік үшін күреске басшылық етеді.
Талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
- жоғары кәсіптік (техникалық) білімі және кемелердің 1,2,3,4 топтарының механигі дипломының және командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Біліктілігі орта деңгейдегі маман:
- техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі және кемелердің 1,2,3,4 топтарының механигі дипломының және командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
Арналық іздестіру партиясының дала (жол) жұмысшысы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесінсіз
Міндеттер:
- Барлық далалық және өлшеу жұмыстарын орындау, яғни, магистральдарды төсеу, топырақ сорғыштарға арналған жарманы сындыру кезінде және магистральды төсеу кезінде жолдарды кесу.
- Топырақ сорғыштарға арналған жармаларды қою, көлденең және бойлық өлшеулер өндірісіне қатысу.
- Навигация кезеңінде дала жұмыстары процесінде қажетті салмақтарды, пикеттерді, бағандарды дайындау.
- Реперлерді орнату кезінде және тегістеу жұмыстарын орындау кезінде қажетті жұмыстарды орындау.
- Өлшеу және дала жұмыстарын жүргізу кезінде жабдықты уақтылы жеткізуді жүзеге асырады, кеменің өміршеңдігі үшін қажетті жабдықтар мен құралдарды тиеуді және түсіруді жүргізеді және машина-қазандық үй-жайларында өміршеңдік үшін күреске басшылық етеді.
Талаптар:
Орта білім
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
Аға моторшы-матрос-жол жұмысшысы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі орта білім, «моторшы-руль меңгерушісі» біліктілігін растайтын құжатының болуы.
Міндеттер:
- Учаскеге қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау;
- Оған меңгерушілік кестесімен бекітілген тетіктерге уақтылы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
- Такелаждау, сырлау, арқандап байлау жұмыстарын және кемелерді сүйрету бойынша жұмыстарды орындау;
- Кеме техникасына қызмет көрсетуді және бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде бас энергетикалық қондырғылар мен қосалқы механизмдердің жұмысын қадағалау;
- Палуба бөлігі бойынша кеме жұмыстарына қатысу;
- Бекітілген учаскеде кеме қатынасы жағдайын күтіп ұстау бойынша нұсқаулықтарды орындау;
- Капитанның нұсқауы бойынша моторшы-матростардың қызметін реттеу.
Талаптар:
- Орта білім.
- «Моторшы-руль меңгерушісі» біліктілігін растайтын құжат.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
Топырақ сорғыш командирі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі Командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Міндеттер:
- Өндірістік жоспар мен кеменің қозғалыс кестесін орындау.
- Экипаж жұмысына басшылық жасау, құжаттаманы жүргізу және кеме техникасының техникалық жай-күйін бақылау, экипажда тәртптің сақталуын бақылау;
- Командалық құрам қызметінің басшылығы;
- Еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ережелерінің орындалуын бақылау.
Талаптар:
- Кемелердің 1, 2, 3, 4 топтарының түбін тереңдету снарядтары командирінің дипломымен жоғары кәсіптік (техникалық) білім немесе орта кәсіптік білім.
- Кеме техникасымен жұмыс тәжірибесі, еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі нормаларын, ішкі су көлігі саласындағы заңнаманы білу.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
«БТК-629» теплоходының кеме механигі-ауысым капитаны
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай
Міндеттер:
- Белгіленген өндірістік тапсырмаларды орындау үшін бекітілген кеме техникасын техникалық пайдалану қағидаларына, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес техникалық пайдалануды және күтіп ұстауды қамтамасыз ету.
- Палубалық механизмдер мен құрылғылар мен корпустық конструкцияларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
- Кеме техникасына техникалық қызмет көрсетуді жүргізудің күнтізбелік кестесін жасайды.
- Техникалық қызмет көрсетуді және оның орындалуын қадағалауды басқарады. Кеме техникасының ақауларын жояды және оны кемені пайдаланудан шығармай экипаждың күшімен жөндеуді ұйымдастырады.
- Жөндеу ведомостарын уақтылы жасайды, бекітілген кеме техникасына жағалау және кеме мамандары орындайтын техникалық қызмет көрсету бойынша жөндеу жұмыстары мен жұмыстардың сапасы мен толықтығына бақылау жүргізеді.
- Машина үй-жайларында және өз меңгерушілігіндегі үй-жайларында өрт қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын, өрт және су төгетін сорғылардың, жүйелер мен құрылғылардың жұмыс істеуіне тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді.
- Өзінің меңгерушілігі бойынша қосалқы бөлшектерді, мүкәммалды, материалдарды, отын мен майлау майларын жеткізуге, қабылдауға, есепке алуға және сақтауға өтінімдер жасауды бақылайды.
- Өзінің меңгерушілігі бойынша кеменің техникалық құжаттамасын, іс қағаздарын және есептілігін жүргізеді және сақтайды.
- Энергетикалық қондырғының жұмыс режиміне байланысты капитанның барлық бұйрықтарын орындайды.
- Экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске дайындауға және ұйымдастыруға қатысады және машина-қазандық үй-жайларында өміршеңдік үшін күреске басшылық етеді.
Талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
- жоғары кәсіптік (техникалық) білімі және кемелердің 1, 2, 3, 4 тобының механигі дипломының болуы және командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Біліктілігі орта деңгейдегі маман:
- техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және кемелердің 1,2,3,4 топтарының механигі дипломының болуы және командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу