«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Шлюз бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес
Міндеттер:
- негізгі жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөңдеуді қадағалау, бекітілген жоспар-кестелерге сәйкес жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету;
- еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайын жасау,  өндіріс мәдениетін жоғарылату бойынша  жұмыстарды жүзеге асыру;
- өндірістік жарақаттар және кәсіби сырқаттарды ескерту мен себебін жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз ету;
- бюджеттік өтінімді жоспарлау мен қалыптастыруға қатысу;
- нұсқаулықтар бойынша есеп дайындауды қадағалау;
- негізгі жабдықтарды бақылау және зерттеу журналын және навигация кезеңінде негізгі жабдықтардың ауытқулары мен ақаулары журналын тексеру;
-жабдықтар жұмысының сенімділігін және еңбек өнімділігін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған механикалық, электрлік жабдықтарды және гидротехникалық құрылыстарды жаңартуды, жаңа техниканы енгізуді, еңбекті ұйымдастыруды мен жұмыстарды жүргізудің алдыңғы қатарлы әдістерін қолдануды қамтамасыз ету;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, механизмдер мен жүк көтергіш машиналар, қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, сұйытылған газ баллондар, энергетикалық жабдықтар, жылу жүйелері мен желдеткішті пайдалану кезіңдегі өндірістік санитария нормалары мен талаптарын орындауды қамтамасыз ету.
Талаптар:
жоғары кәсіптік  (техникалық) білімі бар тұлға және басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Сырлаушы-құмараластырушы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- металл конструкцияларын,   бетон беттерін,    ғимараттардың сыланған қасбеттерін  және т.б. құмды жару жұмыстары мен бояу жұмыстарын  орындау, сеніп тапсырылған жабдықтың жарамдылығын бақылау;
-сеніп тапсырылған жабдықтың техникалық жағдайына (езіндіараластырғыштарға,   езіндісорғыларға, бояу агрегаттарына,  қол  құрал-саймандары мен бекітілген басқа да жабдықтарға)  жауап беру;
- құрылыс конструкцияларының беттерін тазалау бойынша жұмыстарды орындау кезінде люлькаларды немесе баспалдақтарды қайта орнату және бекіту.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бас энергетик
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
Міндеттер:
- электртехникалық жабдықтар мен байланыс жабдықтарының сенімді, апатсыз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету;
- электр энергиясын үнемдеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
- шлюздің электр жабдықтарына қатысты электр қондырғыларының неғұрлым сенімді, үнемді және қауіпсіз жұмысына ықпал ететін жаңа техника мен технологияларды енгізу;
- кеме қатынасы шлюзінің электр қондырғыларына жоспарлы-алдын алу жөндеуін және профилактикалық сынақтарды уақтылы жүргізуді ұйымдастыру;
- шлюзге бөлінетін электр энергиясының ай сайынғы жылдық өтінімін жасау;
- кеме қатынасы шлюзі бойынша электр энергиясы шығысының техникалық есебін жүргізу;
- кеме қатынасы шлюзінің электртехникалық қызметінде қажет болған жағдайда қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттар беру жолымен жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары нұсқамаларының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі нұсқауларының орындалуын қамтамасыз ету;
- шлюз электр қондырғыларының жұмысындағы  ақауларға талдау жүргізу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- шлюздің электртехникалық жабдығын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс кестесін әзірлеу және оның орындалуын қамтамасыз ету;
- электртехникалық қызметке бекітілген өлшеу құралдарының тізбесін жасау, олардың тексеру мерзімдерін қадағалау.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік техникалық білімі және басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі және инженерлік-техникалық лауазымдарда               5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Токарь
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- сыртқы және ішкі үшбұрышты және тікбұрышты жіптерді шүмегімен немесе қылшықпен кесу;
- әмбебап токарлық станоктарда 8-11 квалитет бойынша бөлшектерді және 12-14 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді өңдеу;
- әмбебап токарлық станокқа 7-10 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді өңдеу; жылжымалы және қозғалмайтын люнетті қолдана отырып, ұзын біліктер мен бұрандаларды өңдеу, бұрғылармен және басқа да арнайы құралдармен терең тесіктерді бұрғылау;
- сыртқы және ішкі пішінді беттерді және қисық цилиндрлік беттермен байланысқан қол жеткізу қиын жерлерді өңдеу және өлшеу;
- кез келген модуль мен қадамның күрделі профилінің көп кіріс жіптерін кесу;
- әмбебап токарлық станокта деформацияға ұшырайтын күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды, жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді, күрделі профильдерді калибрлейтін жылжымалы және қозғалмайтын люнеттерді қолдана отырып, ұзын біліктер мен бұрандаларды өңдеу, оның ішінде өңдеу қиын, жоғары легирленген ыстыққа төзімді материалдардан бөлшектер мен құралдарды өңдеу бойынша жұмыстарды орындау.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, толық күн.
Өндірістік және қызметтік жайларды жинаушы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
күн сайын душ, киім-кешек бөлмелерін тазалау және дезинфекциялау, шлюз үй-жайларының санитарлық тораптары мен көше дәретханаларын тазалау, оларда санитарлық құралдардың (дәретхана қағазы, сабын)болуын қадағалау;
- едендерді сыпыру және жуу, үй-жайларды, дәліздерді, баспалдақтарды дымқыл тазалау, есіктерді, терезелерді, батареяларды, хабарландыру тақталарын, панельдерді, электр шамдарын сүрту (электр монтерімен бірге), жиһаздан, кілем бұйымдарынан шаңды кетіру, торды тазалау, қоқыс пен қалдықтарды белгіленген жерге жинау және тасымалдау. Қоқыс жәшіктерін тазалау, оларды тазалау және дезинфекциялау, қабырғаларды, терезелерді қолмен жуу, қыста терезелерді жапсыру.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, толық күн.
Құрал-сайманшы слесарі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- 12-14 біліктілік бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеуді орындау;  
қарапайым құрылғыларды, кесу және өлшеу құралдарын құрастыру және жөңдеу;
- күрделілігі орташа түзу сызықты және бұйра контурлы аспаптар мен құрылғыларды дайындау және жөндеу (фасонды кескіштер, жиналмалы кескіштер, қысқыш сыпырғыштар, штангенциркульдер, мөртабандар, кондукторлар және шаблондар);
- дәл және күрделі құралдар мен құрылғыларды (көшірмелер, кесу және шығару мөртабандары, пуансондар, кондукторлар)дайындау және жөндеу;
-5 квалитет және Rа 0,16-0,02 кедір-бұдыр параметрі бойынша фигуралық сұлбасы бар бөлшектерді жетілдіруді, сүртуді және дайындауды жүргізу;
- кез келген күрделі бұйымдарды белгілеу және сызу;
- оптикалық аспаптарды (бұрыштық өлшегіштер, оптиметрлер, компакторлар және т.б.) реттеуді орындау.).
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, толық күн.
Аға инженер-механик.
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- автотракторлық техниканың қауіпсіз, сенімді, экономикалық жұмысын және автокөлік учаскесі персоналының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;    
- техникалық жарамды күйдегі өтінімдерге сәйкес жылжымалы құрамды  желіге шығаруды ұйымдастыру;
- автокөлікті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу кестесін әзірлеу;
- жанар-жағармай материалдарының пайдаланылуын, жылжымалы құрамға уақтылы қызмет көрсету және дұрыс сақталуын бақылау;
- есептеу аспаптарын (спидометр, спидометр арқаны, спидометр мен беріліс қорабындағы пломбалар) бақылау. Ақаулық болған жағдайда желіге  шығармау;
- өзіне бағынатын персоналға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен нұсқаулықтарды уақтылы жүргізу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша арнайы орта білімі немесе техникалық және кәсіптік (кәсіптік орта) білімі бар,  тиісті мамандық  (біліктілік) бойынша орта білімнен кейінгі білімі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
-  автомобильдің қарапайым тораптарын ауыстыру және орнату;
- техникалық қызмет көрсету кезінде бұрандалы қосылыстарды бекіту жұмыстарын орындау;
- техникалық  қызмет көрсету кезінде күрделі агрегаттарды, тораптарды және аспаптарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру жұмыстарын іске асыру.
Талаптар:
біліктілік куәлігі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бас диспетчер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- шлюздің кеме өткізу қызметін басқару;
- шлюзден өткізу кезінде кеме өткізу қызметінің кезекші вахтасының қызметінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- кеме қатынайтын шлюздің негізгі электрмеханикалық жабдығының жұмысындағы кемшіліктердің, ақаулардың және істен шығулардың себебін анықтау және оларды жою.
Талаптар:
жоғары  кәсіптік (техникалық) білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды және  инженерлік-техникалық  лауазымдарда 3 жылдан кем емес еңбек өтілі немесе  техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білімі және инженерлік-техникалық лауазымдарда 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі жөніндегі инженер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- шлюздің жергілікті есептеу желісінің жұмыс істеу қабілетін сақтау;
- көшіру-көбейту құралдарын пайдаланушылардың өтінімдері бойынша уақтылы  картридждерді және басқа шығын материалдарын ауыстыру;
- шлюзден өткізу  жүйесін және шлюздің геодезиялық деформациялық автоматтандырылған мониторинг жүйесін дайындауға, жаңғыртуға және пайдалануға қатысу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (техникалық) білімі немесе тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (кәсіптік орта) білімі бар тұлға, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.