«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Жылдам жүзетін катердің капитаны
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
Міндеттер:
- жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажетті шараларды сақтай отырып, жылдам жүзетін катерді басқару;
- кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
- негізгі және қосалқы кеме қозғалтқыштарына, олардың жүйелеріне, олардың жұмысын қамтамасыз ететін механизмдер мен техникалық құралдарға, палубалық механизмдер мен рульдік құрылғының механикалық бөлігіне, кеме жүйелеріне және оларға қызмет көрсететін механизмдерге қызмет көрсету және жөндеу;
- кеме жүйелері мен механизмдеріне, құрылғылары мен жабдықтарына техникалық күтім жасау;
- кемені, оның жүйелерін, құрылғыларын, жабдықтарын, машиналары мен механизмдерін қауіпсіз пайдалану;
- жолаушылардың қауіпсіздігін және катермен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, кемелерде 1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының капитаны дипломы немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі, кемелерде 1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының капитаны дипломы, командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі, шағын көлемді кемені басқару куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Арналық іздестіру партиясының техник-гидротехнигі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- су объектілерінде далалық инженерлік-гидрографиялық жұмыстар жүргізу;
- топографиялық және батиметриялық түсірілімдерге қатысу;
- қайраңдағы тереңдіктер мен деңгейлер бойынша гидрологиялық және гидрографиялық ақпаратты жинауға қатысу, дала жұмыстарын жүргізу процесінде объектілердің су режимінің өзгеруін қадағалау;
- ағын жылдамдығын, су шығынын анықтау бойынша жұмыстарға қатысу;
- қайраң жоспарларының далалық материалдарын ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа және талаптарға сәйкес өңдеу;
- лоцмандық карталар мен сызбаларды ресімдеу және жұмыс орны бойынша кеме қатынасы жағдайының белгілерінің дұрыс орналасуын қадағалау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (кәсіптік орта) білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Арналық іздестіру партиясының картографы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- дәстүрлі әдіспен және GPS жабдықтарымен өзендегі жобалау-іздестіру (геодезиялық, гидрографиялық, топографиялық) жұмыстарына қатысу;
- лоцмандық карталарды, лоцмандық схемаларды, қайраң жоспарларын құрастыру және түзету;
-топографиялық карталар (жоспарлар), оның ішінде цифрлық технология бойынша әртүрлі карталарды құрастыру, жаңарту және жасау жөніндегі жұмыстар кешенін, аэроғарыштық және жерүсті түсіру әдістерін қолдана отырып, әртүрлі масштабтағы карталарды (жоспарларды) басып шығаруға дайындау кезінде сызу-ресімдеу және гравюра жұмыстарын орындау;
- алынған өлшеу деректерін математикалық өңдеу жүргізу, арнаның үш өлшемді моделін құру.
Талаптар:
санатсыз, жоғары кәсіптік білімі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Механикалық-кемелік қызметтің инженер-механигі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- Филиалдың кеме жабдықтары мен техникалық құралдарының үздіксіз және техникалық дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- бекітілген кеме техникасы мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша жөндеу жұмыстарын, жұмыс сапасы мен толық көлемін бақылау;
- жөндеу және дефектілі ведомостарын жасау;
- кемелерді қысқы тұраққа және флотты жөндеуге қабылдау актілерін жасау;
- материалдар мен кеме жабдықтарына өтінімдер жасау;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде кеме капитандарына, жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізу;
- флотты жөндеу және жағалауды механикаландыру кестесін жасау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Старшина-моторшы
Талаптар:
18 жастан кіші емес, атқаратын қызмет құқығына куәліктің болуы, еңбек өтілі 1 жылдан кем емес
Жұмыспен қамту түрі:
Тұрақты, жұмыс уақытының жиынтық есебі
Механик-жүргізуші
Талаптар:
Техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік), ортадан кейінгі білім еңбек өтіліне талап қоюсыз, жүргізетін автокөлікке тиісті санаты бар жүргізуші куәлігі
Жұмыспен қамту түрі:
Тұрақты, жұмыс уақытының жиынтық есебі
Флот қозғалысы жөніндегі аға диспетчер
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қоюсыз тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе еңбек өтіліне талап қоюсыз тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім
Жұмыспен қамту түрі:
Тұрақты, жұмыс уақытының жиынтық есебі
Ағаш ұстасы-бетоншы
Талаптар:
18 жастан кем емес, біліктілік куәлігі (куәлігі) бар, жұмыс өтілі мен біліміне талап қойылмайды
Міндеттері:
Күрделілігі орташа ағаш ұсталық және қалып кесу жұмыстарын орындау.
Жалпы құрылыс жұмыстары.
Бетон қоспасын іргетастарға, негіздер мен массивтерге төсеу.
Бетон қоспасын көлденең жазықтықтарға төсеу.
Құюға арналған бутобетонды іргетастарды, төсеніш қабаттарды және едендердің бетон негіздерін, цемент тартқышты орнату. Ойықтарды, саңылауларды және бороздарды бетон қоспасымен бітеу. Қарапайым нұсқаулықтардың қалыптарын бөлшектеу.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық, толық күн
Шығыр жұмысшы-моторшы
Міндеттер:
- Жер снаряды (жер сорғыш) жұмысының технологиялық процесін басқару.
- Меңгеруге арналған кестемен бекітілген, пайдаланылатын механизмдерге техникалық қызмет көрсету.
- Жұмыс зәкірлерін орналастыру және қайта төсеу.
- Палубалық қосалқы механизмдер мен жүк көтергіш құрылғылардың жұмысын басқару.
- Такелаждық, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау.
- Такелаждық мүліктің, құрал-саймандардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
18 жастан кем емес, біліктілік куәлігі (куәлігі) бар, жұмыс өтілі мен біліміне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
Жұмыс уақытының тұрақты, жиынтық есебі
Капитанның бірінші көмекшісі - механиктің бірінші көмекшісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
Міндеттер:
- ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган шығаратын техникалық пайдалану ережелеріне, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өз меңгеріміндегі техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
- палубалық және машина бөлшектері, кеменің қосалқы механизмдері мен құрылғылары бойынша кеме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- кеме жұмыстарын жүргізу кестесін жасау және экипаж мүшелерінің оларды орындау жөніндегі міндеттерін бөлу;
- рейске дайындық пен меңгеріміндегі дайындықты қамтамасыз ету;
- өз меңгерімі бойынша қозғалтқыштарды, қосалқы механизмдерді, жабдықтарды, жүйелер мен құрылғыларды техникалық күту және жөндеу бойынша тіркеу, техникалық құжаттаманы жүргізу және сақтау;
- азық-түлік пен материалдарды есепке алу және жұмсау, есептілікті жүргізу;
- белгіленген вахтаны атқару (кемені тікелей басқару).
Талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
- жоғары кәсіби (техникалық) білім, кемелердің 1, 2, 3, 4 топ механигінің бірінші көмекшісінің дипломы және командалық лауазымда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Біліктілігі орта деңгейлі маман:
- техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, кемелердің 1, 2, 3, 4 топ механигінің бірінші көмекшісінің дипломы және командалық лауазымда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Шарттары:

- 18 жастан кем емес, жоғары кәсіптік (техникалық) білімі бар, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтарының механик дипломы және кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс;
- 18 жастан кем емес, техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтарының механик дипломы және кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс.

Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.