«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Шығыр жұмысшы-моторшы
Міндеттер:
- Жер снаряды (жер сорғыш) жұмысының технологиялық процесін басқару.
- Меңгеруге арналған кестемен бекітілген, пайдаланылатын механизмдерге техникалық қызмет көрсету.
- Жұмыс зәкірлерін орналастыру және қайта төсеу.
- Палубалық қосалқы механизмдер мен жүк көтергіш құрылғылардың жұмысын басқару.
- Такелаждық, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау.
- Такелаждық мүліктің, құрал-саймандардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
18 жастан кем емес, біліктілік куәлігі (куәлігі) бар, жұмыс өтілі мен біліміне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
Жұмыс уақытының тұрақты, жиынтық есебі
Капитанның бірінші көмекшісі - механиктің бірінші көмекшісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
Міндеттер:
- ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган шығаратын техникалық пайдалану ережелеріне, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өз меңгеріміндегі техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
- палубалық және машина бөлшектері, кеменің қосалқы механизмдері мен құрылғылары бойынша кеме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- кеме жұмыстарын жүргізу кестесін жасау және экипаж мүшелерінің оларды орындау жөніндегі міндеттерін бөлу;
- рейске дайындық пен меңгеріміндегі дайындықты қамтамасыз ету;
- өз меңгерімі бойынша қозғалтқыштарды, қосалқы механизмдерді, жабдықтарды, жүйелер мен құрылғыларды техникалық күту және жөндеу бойынша тіркеу, техникалық құжаттаманы жүргізу және сақтау;
- азық-түлік пен материалдарды есепке алу және жұмсау, есептілікті жүргізу;
- белгіленген вахтаны атқару (кемені тікелей басқару).
Талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
- жоғары кәсіби (техникалық) білім, кемелердің 1, 2, 3, 4 топ механигінің бірінші көмекшісінің дипломы және командалық лауазымда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Біліктілігі орта деңгейлі маман:
- техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, кемелердің 1, 2, 3, 4 топ механигінің бірінші көмекшісінің дипломы және командалық лауазымда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Шарттары:

- 18 жастан кем емес, жоғары кәсіптік (техникалық) білімі бар, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтарының механик дипломы және кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс;
- 18 жастан кем емес, техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтарының механик дипломы және кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс.

Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Капитан
Талаптар:
Жоғары кәсіби (техникалық) білім, 1, 2, 3, 4 немесе кемелердің барлық топтарының капитанының дипломы немесе техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, 1, 2, 3, 4 немесе кемелердің барлық топтарының капитанының дипломы және командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі.
Жұмыспен қамту түрі:
Жұмыс уақытының тұрақты, жиынтық есебі